2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешімі
Осы редакция 2019 жылғы15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 282 198 145,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 36 529 338,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 223 865,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 242 444 942,0 мың теңге;
2) шығындар - 280 026 284,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу- 4 955 340,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 16 097 164,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 141 824,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 783 479,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 783 479,0 мың теңге.
2. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемi 56 243 513 мың теңге сомасында көзделсін, соның ішінде:
| Абай ауданына | 2 591 255 | мың теңге; |
| Аягөз ауданына | 3 289 892 | мың теңге; |
| Бесқарағай ауданына | 2 392 046 | мың теңге; |
| Бородулиха ауданына | 2 711 795 | мың теңге; |
| Глубокое ауданына | 2 744 296 | мың теңге; |
| Жарма ауданына | 3 702 051 | мың теңге; |
| Зайсан ауданына | 2 801 833 | мың теңге; |
| Зырян ауданына | 2 240 191 | мың теңге; |
| Катонқарағай ауданына | 3 573 983 | мың теңге; |